Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
16.7 C
Almaty
20.8 C
Shymkent

Полиция департаментінде «Республика күніне» орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы Полиция департаментінің ғимаратында 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы ұлттық мерекенің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған профессор, филология ғылымдарының докторы Сейдулла Садықов, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Бейсембаев, Түркістан қаласы ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырхан Сансызбаев, ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің мүшелері Сейсенбеков Айтбай, Баймурзаев Ералы қатысты. Сонымен қатар Полиция департаментінің жеке құрамы да белсене атсалысты.
Естеріңізге сала кетейік биыл, Ұлттық құрылтай отырысында ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Республика күнінің» мәртебесін қалпына келтіріп, оны ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды. Мемлекет басшысы: «Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды»-деп атап өткен болатын.
Сондықтан дөңгелек үстел шарасына қатысушылар Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық мерекенің тарихи маңызын талқылады. Еліміздің салт-дәстүрі, мәдениеті, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ іс-шараға қатысушы зиялы қауым өкілдері, еліміздің әл-ауқаты мен дамуын қамтамасыз етуге тәуелсіздік алған жылдары бағытталған экономикалық және саяси реформалар көптеп жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
Жиын соңында жиналғандарға 25 қазан – Республика күніне арналған бейнеролик көрсетілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

№75 мекемесінің сотталғандар арасында есірткіге қарсы шара өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы бұйрығына сәйкес қоғамның бүгінгі таңдағы ерекше мән беретін өзекті мәселесі...