Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

24 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
27.3 C
Shymkent

Полицейлер облыс орталығындағы аялдаманы бұзған жасөспірімдерді анықтады

Танымал

Ел аузында

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлерінің назарына Түркістан қаласындағы аялдаманың бұзылғаны бойынша бейнежазба ілінді. Бейнежазбаны түсірген тұрғынның айтуынша, белгісіз біреулер облыс орталығындағы Алматы көшесінде орналасқан шыны аялдаманы сындырып кеткен.
Орын алған теріс әрекет жайлы толық мән-жайды анықтау мақсатында, Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәрітп сақшыларымен көшеде ойнап жүріп, аялдаманы таспен сындырған 5 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Аталмыш 8 сынып оқушыларының ата-аналарына түсіндіру жұмыстары атқарылды.
Сондай-ақ осы жайт бойынша жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері қала тұрғындары мен қонақтарын абаттандыру ережелерін сақтауға, аялдамалар мен орындықтарды бұзбауға, қоқыстарды тастамауға және қаламыздың тазалығына құрметпен қарауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...