Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

13 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
22.3 C
Shymkent

Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауының жеңімпаздары анықталды

Танымал

Ел аузында

Биыл бесінші мәрте өткізілген Кемел Тоқаев атындағы республикалық детективті шығармалар байқауы өз мәресіне жетті. Бұған дейін Алматы қаласында екі рет, Алматы облысында және былтыр Түркістан облысында ұйымдастырылған байқау — биыл Қызылорда облысында жалғасын тапты. Бесінші рет ұйымдастырылып отырған додаға Қызылорда облысының әкімдігі қолдау көрсетіп, жүлдегерлер қасиетті Сыр елінде марапатталды.

Байқаудың басты мақсаты – кенжелеп қалған жанрды қайта жандандыру арқылы детектив жазуға ынталылар қатарын арттыру болды. Осыған орай, бүгін Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында алдыңғы байқау жеңімпаздарының үздік шығармалары жинақталған «Шытырман» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, «Заң» медиа-корпорациясы ЖШС директоры Досымбек Өтеғалиев пен «Заң газетінің» бас редакторы Айнұр Сембаева және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Өз кезегінде «Заң» медиа-корпорациясы ЖШС директоры Досымбек Өтеғалиев жаңа жинақтың мазмұнына тоқталып, республикалық байқауға атсалысқан азаматтарды марапаттады.

Сондай-ақ Досымбек Қонысбекұлы: «Бүгінде детектив жанрына қызығушылық танытып жатқан азаматтар мен қаламгерлер қатары артып келеді. Алдағы уақытта да дәстүрді бұзбай бұл байқауды әр өңірде ұйымдастыру жоспарлануда. Биылғы детективті шығармалар сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен 106 туынды келді. Ал осы уақытқа дейінгі жеңімпаздардың шығармалары жинақталған «Шытырман» атты жаңа кітап бүгіннен бастап оқырман қауымға жол тартпақ. Қызықты оқиғалар халықтың оң бағасын алады деген сенімдемін», — деді сөз барысында.

Арықарай Достық үйінің сахнасында Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауының жеңімпаздары анықталды. Биыл байқау қоржынына еліміздің түкпір-түкпірінен 106 шығарма келіп түсті. Оның ішінде «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» болып, оза шапқан 15-ке жуық автор үздік деп танылды.

Атап айтсақ,  Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауының бас жүлдесін Асхат Өмірбаевтың «Қылмыскердің күлкісі» атты шығармасы иемденіп, 1 миллион теңгені қанжығасына байлады. Ал I орынды  Алдажар Әбіловтың «Үтіктегі қан» туындысы (750 000 теңге) иеленді. II орын иегерлері Нұрлан Шынтаевтың «Тамұқтан жеткен үн» мен Бақыт Жалиеваның «Тылсым түннің құпиясы» шығармалары атанып, қанжығаларына 500 000 теңгеден байлады.

Ал III орынға Тұрақ Адисұлының «Оралманның ойраны», Айгүл Кемелбаеваның «Түтін» әңгімелері лайық деп танылып, 300 000 теңге иегері атанды.

Сонымен қатар, биылғы байқаудың ерекшелігі – оқырманның дауысына ең көп ие болған үміткерге жүлде тағайындалды. Ал оның иегері Дидар Амантайұлының «Алқаракөк» шығармасы атанып, 500 мыңды қанжығасына байлады.

Сондай-ақ, Жастар сыйлығы Бауыржан Бақытұлының «Тұйғын» (300 000 теңге) шығармасына бұйырды. Ал Ынталандыру сыйлығы Қанат Ғұмаровтың «Қателесуге тыйым салынады», Қабыл Дуйсенбінің, Шернияз Жалғасбекұлының «Кілт», Лена Әбдіхалықованың «Қасірет», Тлеуов Сайляубайдың «Таңғы елес» шығармаларына беріліп, әрқайсысына 100 000 теңгеден табысталды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В области Жетісу в селе Копбирлик по просьбе жителей построят дом культуры с библиотекой

В селе Копбирлик области Жетісу будут построен новый дом культуры с библиотекой. Об этом стало известно сегодня в ходе...