Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Фильм түсірілімі үшін тұтас бір ауыл салынды

Танымал

Ел аузында

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылына жақын маңда режиссер Талғат Теменовтің «Қара қыз» әскери драмасының түсірілімі өтуде. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен шығарылуда.

Сол кездің атмосферасын толығымен жеткізу үшін кескіндемеші суретшілер жазық далада соғыс кезеңінде болған тұтас бір ауылды салды, онда теміржол вокзалы, клуб, мектеп, пошта, диірмен, тұрғын үйлер бар.   

«Мұның бәрін салу үшін бір жарым айдай уақыт кетті. Қиын жағдайда жасалынды, айналада ештеңе жоқ, он адам жұмыс істедік. Барлығы архивтік өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы құжаттардың негізінде жасалды.  Жалпы он бес ғимаратты салдық», – дейді картинаның қоюшы-суретшісі Еркен Сүлейменов.

Еркен осы фильмнің Солтүстік Қазақстан облысында өткен түсірілім жұмыстарына да қатысқан. Ол жерде оның командасы жертасалар, жаттығу орталығы, жау комендатурасы және аурухананы салған. Он жылдық тәжірибесі бар қоюшы-суретші атап өткендей, ол өзінің соңғы жұмысын болашақ фильмдерге арналған декорация ретінде қалдырғысы келеді. 

«Мен бұл салада ұзақ уақыт жұмыс істедім, түсірілімнен кейін біз әдетте декорацияны бұзамыз. Ондай кезде ішің күйеді. Бұл менің әкемнің жері, мен бұл ауылды қалдырғым келеді, әрине, келешекте кинорежиссерлерге көмектесу үшін.  Әсіресе жас студенттерге, олардың дипломдық жұмыстары үшін керемет болар еді», – деп атап өтті Е. Сүлейменов.

«Қара қыз» – Ұлы Отан соғысы кезіндегі адамдардың өмірін баяндайтын әскери драма. Фильмде соғыстың қасіретіне қарамастан бірін-бірі табатын кейіпкерлердің оқиғалары баяндалады. 

Басты рөлдерді жас актерлер Нұрай Сақтапова мен Ерлан Құлмұрзин сомдайды. Нұрай үшін бұл кинодағы дебюттік рөл, ал Ерлан телехикаяларда көптен бері ойнап келеді.

«Менің кейіпкерімнің аты – Асқарбек, қарапайым ауыл жігіті, соғыс жылдарында оны майданға шақырады, онда ол батылдықпен күреседі. Фильмде ауыр сахналар көп, көрермендердің қызығушылығын сақтап қалу үшін барлық құпияларды ашпай-ақ қояйын», — дейді Ерлан Құлмұрзин.

Сондай-ақ, фильмде танымал актерлер Дулыға Ақмолда, Медғат Өмірәлиев және т.б. жұмыс істейді. Картинаның негізгі түсірілімі ағымдағы жылдың 23 қыркүйегі мен 14 қазаны аралығында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында, Қызылжар қаласының маңында өтті. Ақши ауылындағы түсірілім 2 қарашада аяқталуы тиіс.  

Картинаның тұсаукесері келесі жылдың көктеміне жоспарланған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...