Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Түркістан облысында «Үздік жедел уәкіл» анықталды

Танымал

Ел аузында

ҚР Ішкі істер министірінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінде жедел уәкілдердің қатысуымен «Үздік жедел уәкіл» кәсіби-шеберлік конкурсы ұйымдастырылды.
Аталмыш байқауда жедел уәкілдер 4 сайыстан тұратын сынақтан өтті. Атап айтсақ, бірінші кезең кәсіби білім деңгейі (ҚР Заңдары бойынша тест), екінші кезең атыс қаруынан нысанаға дәл тигізу деңгейі, үшінші кезең спорттық деңгейі (100м, 1000м жүгіру, турник немесе бруссия тартылу) болды. Ал соңғы кезеңде полицейлер жедел қызметтің жұмысын регламенттейтін заңдар, бұйрықтар бойынша тесттен өткізілді. Жоғарыда көрсетілген сынақтарды тапсыруда жедел қызметкерлердің, білімі мен дағдылары, олардың табандылығы, адалдығы, батылдығы мен қылмысқа қарсы күрестегі шұғыл тапқырлығы ерекше сынға түсті. Комиссия шешімімен жедел уәкілдердің арасында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген полицейлер анықталды.
Нәтижесінде «Ең үздік жедел уәкіл» болып Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Жамбыл Жандаров атанды. Одан кейінгі екінші орынды Отырар АПБ Криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Батырбек Махатов иеленді. Ал үшінші орынды Бәйдібек АПБ Криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Шыңғыс Қайратұлы алды.
Ендігі кезекте ПД-нің «Үздік жедел уәкіл» номинациясының жеңімпазы желтоқсан айында Астана қаласында өтетін Ішкі істер министірлігінің «Үздік жедел уәкілі» конкурсына қатысып, Түркістан облысы Полиция департаментінің намысын қорғауға баратын болады. Ендеше, киелі өңір полицейі Жамбыл Жандаровқа сәттілік тілейміз! Бұл байқау жедел-іздестіру қызметін одан әрі дамытуға және жедел уәкілдердің кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етеді. Жалпы қызметтік борышын адал атқару үшін әрбір полицей тәжірибесі мол, білімді болуы тиіс.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...