Қазақстанда пәтерлерді жалға беру бағасы төмендей бастады

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда пәтерлерді жалға беру бағасы төмендеп жатыр. Қазан айының ортасынан бері орташа есеппен 20 пайызға түскен. Мұндай деректерді Krisha.kz порталы келтірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Портал мәліметінше, жалға берілетін баспана шекараға жақын қалаларда арзандаған: Петропавлда 41 пайызға, Ақтөбеде 36 пайызға, Павлодар мен Оралда 32 пайызға. Астанада жалдамалы пәтер бағасы 22 пайызға арзандаса, Алматыда 11 пайызға төмендеген.РЕКЛАМА

Сонымен қатар, дүрбелең кезеңге дейін (1 қыркүйек) Қазақстанда пәтер жалдау орташа есеппен әлі 25 пайызға қымбат. Астана мен Алматыда бүгінде жалға алу қыркүйектен бері 28 және 33 пайызға жоғары.

Портал мәліметінше, ең қымбат жалдамалы пәтерлер Алматыда – бір бөлмелі пәтер айына орта есеппен 250 мың теңге, ал Талдықорғанда ең арзаны – бір бөлмелі пәтер 80 мың теңгеден.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...