Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Талғар аудандық ауруханасының басшылығы дәрігерлік амбулаторияларда көшпелі отырысын бастады

Танымал

Ел аузында

Талғар аудандық орталық ауруханасының басшылығы дәрігерлік амбулаториялар қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жұмыс процестерін оңтайландыру және Талғар ауданының тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында өңірдің елді мекендерінде жұмысын бастады.
Көшпелі топтың құрамына «A-Class-Medical» ЖШС бас директоры, директорлар құрамы, директордың орынбасарлары, мейірбике қызметінің басшылары, МСАК, заңгерлер, дәрігерлер, сарапшылар, эпидемиологтар және аурухананың баспасөз қызметі кіреді.
«Сапардың негізгі мақсаты штаттық орналасуды талқылау, жалақыны қалыптастыру, сыйлықақыны есептеу, әрбір қызметкердің функционалдық міндеттері мен лауазымдық нұсқаулықтары, кадрлық және коммуналдық мәселелерді талқылау. Бұдан басқа, жергілікті жерлерде күнделікті жұмыс барысында туындаған сұрақтар бойынша амбулатория қызсметкерлері барлық сұрақтарының жауаптарын алды», – деді МСАК басшысы Сәдібеков Әділет Әбілсейітұлы.
Сондай-ақ, «А-КЛАСС-МЕДИКАЛ» ЖШС мен Талғар аудандық орталық ауруханасының басшылығы барлық 16 дәрігерлік амбулаторияны аралап, қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда көшпелі топ Қызыл ту ауылының дәрігерлік амбулаториясы мен Отбасылық денсаулық орталығына барып, қызметкерлер тарыпынан қойылған барлық сұрақтарына жауап берді. Аурухана басшылығының жауабына қанағаттанған медицина қызметкерлері тұрығындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге дайын екендерін мәлімдеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...