Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Түркістандық полицейлерге 250-ден астам жаңа қызметтік көліктер берілді

Танымал

Ел аузында

Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында Түркістан облысы Полиция департаменті жаңа көліктермен толықты. Түркістан қаласындағы тікұшақ алаңында өткен салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов пен жеке құрам қызметкерлері қатысты. Бұл шарада полиция қызметкерлеріне жаңа қызметтік көліктердің кілті табысталды.

Атап айтсақ, ҚР ІІМ мен жергілікті әкімдіктің қолдауымен өңірдің патрульдік полиция қызметкерлері – 94 бірлік, учаскелік полиция инспекторлары – 64 бірлік, уақытша ұстау изоляторы – 12 бірлік, аудандардың тергеу бөлімі – 17 бірлік, кезекші бөлімдер – 20 бірлік қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ қала, аудандарға автобустар мен автозактар үлестірілді. Жалпы жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін сақшылар үшін берілген жаңа көліктердің саны – 252. Тәртіп сақшыларына берілген темір тұлпарлар тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған. Дыбыс күшейткіш қондырғысы мен рациясы бар. JPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады. Салтанатты шарада облыс әкімі Полиция департаменті бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында тиімді шаралар қабылданғанын атап өтіп, құттықтау сөзін сөйледі.
Аймақ басшысы Д.Сатыбалды: «ҚР Президенті Қ.Тоқаев тарапынан бүгінгі таңда полиция қызметкерлерінің халыққа сапалы қызмет көрсетуіне қолдау жасалуда. Департамент жаңа ғимараты салынып, осы жылдың желтоқсанында пайдалануға берілуде. Ал бүгін тапсырылатын автокөліктер полиция қызметкерлеріне қылмыспен күресті қарқынды жалғастыруға септігін тигізіп, жұмыс сапасын одан әрі арттыра түседі деп сенемін!»,–деп атап өтті. Шараны қорытындылаған облыстың бас полицейі М.Қабденов: «Полиция қызметкерлерін материалдық-техникалық жабдықтау – қылмыстың санын азайтуға септігін тигізуде. Осы ретте алдағы уақытта Президент пен Ішкі істер министрінің тапсырмалары мен нұсқауларын орындауға сенім білдіремін. Сервистік полицияны жүзеге асырып, жұртқа жақын болу мақсатындағы жұмыстар одан әрі жанданатын болады»,–деп түйіндеді. Салтанатты рәсім жаңа техниканың шеруі және жеке құрамның саптық байқауымен аяқталды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысының дәрігерлері Лондонның үздік клиникаларының жұмысымен танысып қайтты

Алматы облысының медициналық мекемелерінің мамандары Ұлыбритания астанасы Лондоннан, Тұманды Альбионнан оралды, онда дәрігерлер бірнеше күн бойы біліктіліктерін арттырды. Делегация...