Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
27.3 C
Shymkent

МӘМС арқылы құны бірнеше миллионға жетіп жығылатын қымбат операцияларды жасатуға болады

Танымал

Ел аузында


Биылғы жылдың 9 айында Алматы тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтерге 90,1 млрд теңге төленді. Бұл туралы бүгін оңтүстік астана тұрғындарымен болған кездесуде МСҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.
Айтуынша, соңғы жылдары консультативтік-диагностикалық қызметтерге деген сұраныс жоғары. Оған өткен 9 айда Қор 18 млрд теңге жұмсаған. Соның ішінде компьютерлік томография мен магнитті-резонанстық томографияға сұраныс бас
Сонымен қатар, МӘМС құны орта есеппен бірнеше миллионға жетіп жығылатын қымбат операциялардың да шығынын жабады.
«Сақтандыру қаражаты есебінен кардиохирургия, нейрохирургия, урология, травматология, хирургия, онкология, ЛОР профильдері бойынша жүздеген ота жасалып жатыр. Мұндай бір отаның құны бірнеше миллионға дейін жетіп жығылуы мүмкін. Мысалы, осы жылдың 9 айында бір ғана Алматы қаласы бойынша 1300-ден астам кардиохирургиялық операция жасалып, оған Қор тарапынан 5,7 млрд теңге төленді. Нейрохирургиялық профиль бойынша 548 операция жасалған. Оған 2,9 млрд теңгеден астам қаржы төленді», – деді Тілеухан Әбілдаев.
Бүгінде тізе, жамбас буындарын алмастыру операцияларына деген сұраныс та жоғары. Мысалы, осы жылдың 9 айында 240-тан астам буын алмастыру операциясы жасалып, оған 438,5 млн қаржы төленді.
Бүгінде тізе, жамбас буындарын алмастыру операцияларына деген сұраныс та жоғары. Мысалы, осы жылдың 9 айында 240-тан астам буын алмастыру операциясы жасалып, оған 438,5 млн қаржы төленді.
Сонымен қатар, Алматы қаласында қаңтар-қыркүйек аралығында жалпы құны 441 млн теңге тұратын 70-тен астам трансплантация жасаған. Олардың ішінде 18 бауыр-бүйрек алмастыру операциясы да бар. Осының бәрі сақтандыру арқылы көрсетіліп жатқан қызметтер, -деді филиал басшысы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы»

2024 ж. 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Мажарстанның Бас Консулдығы бірлесіп «Мажарстан исламдық сәулет...