Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Елімізден 1 трлн теңгеге жуық қаражат шет мемлекеттерге аударылған

Танымал

Ел аузында

Бір жылға жетпейтін уақытта жіберліген қаражаттың көбі Өзбекстан мен Түркияға аударылған.

2022 жылдың қаңтар–қараша айларында Қазақстаннан халықаралық ақша аударымы жүйелері арқылы шетелге 962,7 млрд теңге аударылған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5% – ға артық, деп хабарлайды Ranking.kz-ке сілтеме жасап.  

Транзакциялар саны 2,6% – ға, 11 айда 2,3 млн-ға дейін қысқарды, бұл шетелге бір аударымның орташа шотын 391,5 мыңнан 419,9 мың теңгеге дейін ұлғайтты.   

2022 жылғы қаңтар–қарашада ХАЖ арқылы ҚР-дан шетелге аударымдар көлемінің жартысынан көбі тек Өзбекстан мен Түркияға жіберілген.  

Өзбекстанға 276 млрд және Түркияға 250,5 млрд теңге. Бұл ретте Өзбекстанға аударымдар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 0,9% – ға, ал Түркияға бірден 32,4% – ға ұлғайған.   

Аударымдардың едәуір көлемі Ресейге (175,6 млрд теңге) және Қырғызстанға (71,6 млрд теңге) кеткен.   

Грузияға аударылған қаражат көлемінің елеулі өскені байқалды: 2,5 есе, яғни 64,8 млрд теңгеге дейін. Түркия мен Грузия мобилизациядан қашқан ресейліктер үшін танымал бағыт екенін атап өткен жөн.  

Ақша аударымдары жүйелерінің ішінде 2022 жылғы қаңтар–қарашада ҚР-дан шетелге аударылған қаражаттың жалпы көлемінің 76,7% – ы тек ресейлік «Алтын тәжге» тиесілі болды: 738,5 млрд теңге. Одан кейін Contact (128,9 млрд теңге) және Western Union (59,9 млрд теңге) жүйелері келеді.   

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...