Жетісайлық полицейлер татулықты ту етіп, жиын өткізді

Танымал

Ел аузында

Еліміздің тұтастығын, бірлігін нығайту мақсатында Түркістан облысының полицейлері де қарқынды жұмыс атқаруда. Бұл ретте Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков, жас полицейлер мен этно-мәдени орталық өкілдерінің қатысуында дөңгелек үстел өткізді.
Этносаралық келісімді нығайту, татулық пен достықты қастерлеу мақсатында ұйымдастырылған жиынға, түрлі ұлт өкілдері мен ардагерлер шақыртылды.

Шара барысында көпұлтты мемлекеметіміздің достығы мен татулығын дәріптеу үшін Жетісай аудандық «Парвиз-тәжік» этно-мәдени орталығының төрағасы Шерзод Еловқа, «Кәріс» этно-мәдени орталығының төрағасы Леонид Тян мен Венимин Кимге және «Әзірбайжан» этно-мәдени орталығының төрағасы Али Мамедов, ауданның ақсақалдар төрағасы Айтбай Махамбетовтерге арнайы «Алғыс хат» табыс етілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық жиын өтті. Департамент бастығының...