Алматы әкімдігі қаладағы дизель отынының жетіспеушілігіне қатысты жағдайға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шенеуніктердің айтуынша, дизель отынының тапшылығы бірнеше себептерге байланысты туындаған.
«Соңғы уақытта Алматы қаласында Алматы облысының тұрғындары, сондай-ақ транзиттік көлік иелері тарапынан дизель отынына деген сұраныс артты, бұл тұтынудың бір мезгілде 30-35 пайызға өсуіне себеп болды және жекелеген ЖМҚС-ға үзіліспен жеткізілуіне (резервуарлардың уақтылы толмауының әкелді.)
Қала тұрғындарын, автобус парктері мен коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ету мақсатында жекелеген жанармай құю бекеттеріне дизель отынының шектеулі шығарылымы енгізілді», – делінген Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомство мәліметінше, Шымкент мұнай өңдеу зауытында өндіріс қайта басталғаннан кейін жағдай тұрақтанады деп күтіліп отыр. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, ПКОП жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айының бірінші онкүндігінде аяқталады.
Алматы қаласына ЖЖМ жеткізу үш мұнай өңдеу зауытынан жүзеге асырылады: Шымкент «Петро Қазақстан Ойл продактс» мұнай өңдеу зауыты (ПКОП үлесі – 40 пайыз), Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ үлесі – 35 пайыз), Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ үлесі – 25 пайыз).
«Биыл 15 наурыздан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуге жабылды, осыған байланысты Алматы қаласында дизель отынын жеткізу тоқтатылды. Осы кезеңде ПМХЗ мен АМӨЗ-ден дизель отынын жеткізу шамамен 12 мың тоннаны құрады.
Бүгінде ірі желілік ЖҚС және қаланың мұнай базаларында шамамен 8,8 мың тонна дизель отыны бар, 4-5 күн ішінде шамамен 4,7 мың тонна жеткізіледі деп күтіліп жатыр», – делінген хабарламада.