Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4.9 C
Nur-Sultan
17.2 C
Almaty
18 C
Shymkent

Қызылорда облысында 543 миллион теңге жымқырғандар анықталды

Танымал

Ел аузында

Тергеу нәтижесінде қазынаға 100 миллион теңге қайтарылды.

Қызылорда облысында мектептерден 543 миллион теңге жымқырғандар анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі.

Антикор Қызылорда облысындағы мектептерде лауазымды тұлғалардың жалған ақпарат беріп, бюджет қаражатын бөгде тұлғаларға аударғаны туралы 15 іс қозғады. Тергеу нәтижесінде қазынаға 100 миллион теңге қайтарылды. Қаржы жымқыруға қатысы бар білім басқармасының екі қызметкері ұсталып, үш мектеп директоры мен бес есепші жұмыстан босатылды.

«Анықталғандай, білім беру ұйымдарында тиісті бизнес-процестер автоматтандырылмаған. Яғни, «1С бухгалтерия» және «Қазынашылық-Клиент» бағдарламаларының кемшіліктерін пайдаланып, аса ірі көлемде бюджет қаржысы жымқырылған. Қаржылық операциялар қағаз жүзінде жүргізіліп, бюджеттік қаражат негізсіз артық көрсетілген», – деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашықов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік...