Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22.7 C
Nur-Sultan
25.8 C
Almaty
29.9 C
Shymkent

Түркістан облысында 20-дан астам қоғамдық көмекшілерге куәліктер табысталды

Танымал

Ел аузында

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» ҚР Заңына және «қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары мен түрлері туралы ережені бекіту туралы» ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес Түркістан облысында тәртіп сақшыларына көмекке қоғамдық көмекшілер белсенді түрде тартылады.
Мәселен, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және Ордабасы ауданында орналасқан мектептердің жанында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихаттың бюджеттік және тұрақты комиссияларының отырысында 2022 жылдың қыркүйегінен бастап 24 қоғамдық көмекшіні тартуға қаражат бөлу қаралды.
Осыған байланысты Ордабасы АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі Ғалымжан Қуашбаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолдан келгенше көмек көрсететін 24 азаматқа «полицияның қоғамдық көмекшісі» куәлігін салтанатты түрде табыс етті.
Ауданның бас полицейі атап өткендей, қоғамдық көмекшілер құқықтық тәртіпті қорғауға елеулі үлес қосып, полицейлермен бірге құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына қатысады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев мәлімдеме жасады:

«Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, филиал жұмысына қатысты азаматтардан түскен шағымдар мен өтініштер бұған дейін біздің тарапымыздан...