Түркістан облысының полиция департаменті «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тергеу қызметінің 60 жылдығына» орай ішкі істер органдарының тергеу бөлімшелерінің қызметкерлерін марапаттады.
Іс-шараға Түркістан облысы ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, полиция департаментінің орынбасарлары, Консультативтік-кеңесші органның төрағасы М. Ермеков, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы О. Жанқожаев, ішкі істер органдарының ардагерлері, тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері және қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің жұбайлары қатысты.
Жиынды ашқан департамент бастығы М. Қабденов тергеушілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, қылмысқа қарсы күресте және кез келген күрделіліктегі қылмыстық істерді тергеуде күнделікті атқаратын жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Консультативтік-кеңесші органның төрағасы М. Ермеков, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы О. Жанқожаев және басқа да құрметті қонақтар құттықтау сөз сөйледі.
Бұдан әрі салтанатты шараға облыстың бас полицейі «тергеу қызметінің 60 жылдығына» орай 20-дан астам тергеушіні медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, ІІО ардагерлері мен қаза тапқан полицейлердің жұбайларына естелік сыйлықтар табыс етті.
Іс-шара соңында ІІО ардагерлері мен тергеу бөлімшелерінің жеке құрамы естелік ретінде суретке түсті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі