Түлкібас аудандық полиция бөлімінің полицейлері аудан бойынша денсаулығы төмен және қарт кісілерге көмек беру мақсатында бірнеше тұрғынның үйіне барды. Көші-қон полицейлері Түлкібас ауданына қарасты, Ұрбұлақ ауылының тұрғыны, 100 жастағы тыл ардагері Ивашова Орынқыздың үйіне барды. Әжеміздің балалары көші-қон полицейлеріне төлқұжатының мерзімі өткенін айтқан.
Осыған орай, полицейлер егде жастағы анамызға жаңа төлқұжатты табыстады. 100-ге келген әжеміз бірнеше жыл бойы денсаулығына байланысты үйінен шыға алмаған соң, полицейлер анамыздың үйіне апарып беруді жөн көрді.
Үлкенге құрмет көрсетіп, қамқорлық танытқан тәртіп сақшыларына кейуанамыз аналық алғысын білдірді.