Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

Синоптиктер 11-13 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа райы болжамына сәйкес, атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – 11 сәуірде, 12 сәуірде түнде Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, кей жерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Республиканың солтүстік жартысында Скандинавия аймақтарынан солтүстік-батыс антициклонның кіруі әсерінен ауа температурасы түнде 5-10 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі.

«Алайда, күндіз ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі, 13 сәуірде термометрлер республиканың солтүстік жартысында 10-18 градусқа, оңтүстікте 17-30 градусқа дейін жетеді. Республикада тұман, жел күшейеді, оңтүстік облыстарда құмды дауыл соғып, найзағай ойнайды, солтүстік жартысында көктайғақ болады», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Цифрлық трансформация жағдайындағы архивші-құжаттанушы: жаңа буын мамандар қалай даярланып жатыр?

Бүгінде архив - тек өткеннің қоймасы емес. Ол - ұлттың жады, ғылыми ізденістің негізі және цифрлық дәуірдегі стратегиялық ресурс. Ақпараттық технологиялар...