Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Медициналық сақтандыру: 50 мыңнан астам кемшілік анықталды

Танымал

Ел аузында

Медициналық сақтандыру қоры Қазақстандағы медициналық ұйымдарға мониторинг жүргізу барысында 52 мың жазбаны қосып көрсеткенін анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медициналық сақтандыру қорына сілтеме жасап.

2022 жылға арналған мониторинг қорытындысы бойынша қор мамандары үш миллионнан астам ақауды анықтаған. Салыстырар болсақ, 2021 жылы бұл көрсеткіш 1,9 миллионды құраған еді. Оның ішінде 403,3 ммиллион теңгеге 52 621 жалған жазба жазылған.

«Жалған жазбалардың көбі Астана қаласында (26 789 немесе 50,9 пайыз), Ақмола (5 774 немесе 11 пайыз) және Қызылорда (5 076 немесе 9,6 пайыз) облыстарында анықталды.

Медициналық көмек түрлеріне жіктеп айтсақ, жалған жазбалардың көбі жан басына шаққандағы кешенді нормативтен тыс консультациялық-диагностикалық қызметтерге тиесілі (52 621 немесе 99 пайыз). Қалған 508 жалған жазба мынадай көмек түрлерінде кездеседі: амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек түріндегі мамандандырылған медициналық көмек (тәулік бойғы стационар), стационарды алмастыратын көмек, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту», – делінген хабарламада.

Жан басына шаққандағы кешенді нормативтен тыс консультациялық-диагностикалық қызметтер бойынша жалған жазбалар 297 медициналық ұйымда анықталған. Оның 180-і (60,6 пайызы) – мемлекеттік, 117-і (39,4 пайызы) – жекеменшік.

«»Құқық бұзған» денсаулық сақтау субъектілеріне қатысты айыппұл санкциялары қолданылды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қор жеткізушілері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері аясында көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу аталған қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Яғни, медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен ережелерін, сондай-ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған ақылы қызметтер ғана төленеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...