Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Астанада мемлекеттік нөмірі ерекше автокөлік көзге түсті

Танымал

Ел аузында

Астанада мемлекеттік нөмірі ерекше автокөлік көзге түсті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясының нөміріне оқырман автокөліктің суретін жіберіп, мұндай мемлекеттік нөмірді бұрын-соңды көрмегенін айтып, бұл жайттың мән-жайын анықтауды сұрады.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы Астана қаласының Полиция департаментінен пікір сұрады, себебі «01» – елорда өңірі. Ведомствоның баспасөз қызметі бұл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметтік нөмірлері екенін хабарлады.

Алынған ақпаратты растау үшін тілшілер ҰҚК баспасөз қызметіне сауал жолдады.

«Иә, бұл ҰҚК Авиация қызметінің автокөліктеріне арналған арнайы жаңа мемлекеттік нөмір стандарты. Оны Ішкі істер министрлігі бекіткен. Мемлекеттік нөмірдегі AQ әріптері – «Авияция қызметі» дегенді білдіреді», – дейді ведомство өкілдері.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл мемлекеттік нөмірлерді ҰҚК органдары беретінін және олардың жеке базасында тіркелетінін растады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мемлекет мейірі: Жеке куәлік алған қарияның қуанышы

Құжат – адамның қоғам алдындағы айнасы, мемлекет алдындағы мәртебесі. Ол барда есік те ашық, мүмкіндік те мол. Ал онсыз...