Тоқаев бірқатар тағайындау жүргізді

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындау жүргізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоанының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», – делінген Жарлықта.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі ауысқан болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...