Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Үй иесін 1,5 миллионға жуық қарызға отырғызып кеткен күдікті әйел анықталды

Танымал

Ел аузында

   Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып шағым түсірді. Зардап шегуші әйелдің айтуынша, ұялы телефонына қарызды төлеу  туралы банк хабарласы келгенін, алайда өзінің несие алмағанын айтып мәлімдеді. Келтірілген шығын көлемі 1 жарым миллионға жуық. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
 Полицейлер алаяқтық істі ашу үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Бір тәулік ішінде полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Ол жәбірленушінің үйінде тұратын пәтер жалдаушы әйел болып шықты. 
  Алаяқ үй иесінің сеніміне кіріп, ұялы телефоны алдап сұрап алып, банк қосымшасы арқылы 700.000 теңге несие рәсімдеген. Одан бөлек банк есеп шотындағы қаржыны өзіне аударып, қажетіне жұмсаған. 

Сондай-ақ мобилдік қосымша арқылы 470.000 теңге несие алып және бұдан бөлек тағы да онлайн желілерденде екі несие алып, үй иесімен бірге түк болмағандай төрт ай бірге тұрып келген.
Бүгінде күнәсін мойындаған күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...