Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19 C
Nur-Sultan
27 C
Almaty
28.3 C
Shymkent

Қазақстандықтардың қандай несиесі кешірілуі мүмкін? Әбілқасымова жауабы

Танымал

Ел аузында

Мәжілісте Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің (ҚНДРА) төрағасы Мәдина Әбілқасымова алаяқтықпен күресу шаралары туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әбілқасымованың айтуынша, агенттік екінші деңгейлі банктермен меморандум дайындап, қазір қол қою барысында, оған сәйкес банктік операция алаяқтық деп танылса, мұндай несие бойынша сыйақы есептеу тоқтатылады.

«Сотта мұның жалған несие екені және пайдаланушының өзі бұл қаражатты алмағаны дәлелденген кезде, банк бұл соманы қайтарады. Несие толығымен есептен шығарылады, немесе егер ол пайдаланушының жеке қаражаты болса, оған қайтарылады», – деді Әбілқасымова.

Бұл ретте қаржы реттеушісінің төрағасы бұл үшін заңнамалық деңгейде белгілі бір өзгерістер қажет болатынын және олар депутаттардың қолдауына үміт артып отырғанын атап өтті.

«Сонымен қатар, жол картасы аясында түзетулер дайындадық. Ақпараттық қауіпсіздік процедураларын сақтамау салдарынан алаяқтық тіркелген жағдайда қаржылық ұйымның залалды өтеу жауапкершілігін заңнамалық деңгейде белгілеуді ұсынамыз. Осы мәселелерді Парламент қарауына енгізуге қолдау көрсетуді сұраймыз», – деп қосты агенттік төрағасы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...