Қайтарымсыз грант әперемін деп тұрғынды алдаған күдікті әйел анықталды

Танымал

Ел аузында

 Түркістан қалалық полиция басқармасына саурандық тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы «мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін» деп алдын ала 1 200 000 теңгесін жымқырған. Бір жыл бойы не ақшасын, не уәдесін орындамай алдап жүргенін жазып көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, полиция басқармаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта сезікті әйелге сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.

ТО ПД Баспасөз қызметті

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Цифрлық трансформация жағдайындағы архивші-құжаттанушы: жаңа буын мамандар қалай даярланып жатыр?

Бүгінде архив - тек өткеннің қоймасы емес. Ол - ұлттың жады, ғылыми ізденістің негізі және цифрлық дәуірдегі стратегиялық ресурс. Ақпараттық технологиялар...