Полицей Михаил ұлына Абылай деп есім берді

Танымал

Ел аузында

Ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді дамыту мен қолданыс аясын кеңейту ісіне елеулі үлес қосып, министр Марат Ахметжановтың бұйрығымен бірқатар алғыс хаттармен марапатталған жас полицей Михаил Крокусты көбіміз Мәди ретінде танимыз. Себебі ол құжатын ауыстырып, қазақша «Мәди» есімін иеленген.

Михаил Крокус бала кезінен қазақ тілін жетік меңгерген. Өз ортасында, үйде, жұмыста қазақ тілінде сөйлейді. Ол болашақта балаларының тегі қазақ есімінен болғанын қалаған еді. Тіптен Айдана есімді қазақ қызымен отау құрды. Бүгінде жас жұбайлар ұлды болып, тұңғыштарына Абылай деп есім берді.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Мәди баршаңызды мерекемен құттықтайды.

Ендеше кішкентай Абылай батырдың бауы берік болсын!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Цифрлық трансформация жағдайындағы архивші-құжаттанушы: жаңа буын мамандар қалай даярланып жатыр?

Бүгінде архив - тек өткеннің қоймасы емес. Ол - ұлттың жады, ғылыми ізденістің негізі және цифрлық дәуірдегі стратегиялық ресурс. Ақпараттық технологиялар...