Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.1 C
Nur-Sultan
18.4 C
Almaty
22.8 C
Shymkent

Беларусьте ауыр қылмыс жасаған 2 қазақстандық жазасын елде өтейді

Танымал

Ел аузында

Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы Беларусь соты бас бостандығынан айырылған К. және М. есімді қазақстандықтарды беру туралы сұранысын қанағаттандырды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

К. есімді қазақстандық Белоруссияда аса ірі мөлшерде пара бергені үшін, ал М. есімді қазақстандық жеке құжаттарды ұрлағаны, тонағаны, және ұрлық жасағаны үшін тиісінше 5 жыл және 7 жыл 6 айға сотталған.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен бұл қазақстандықтарды жазасын одан әрі қарай өтеу үшін Қазақстанға жеткізді. 

Қазір олар Астананың тергеу изоляторына қамалды

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Егіз қыздардың ерекше оқиғасы: IQanat кәсіпкері олардың жұбы жазылмауына қалай көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында туған егіз қыздар. Олардың екеуі де ауыл балаларына тегін білім...