Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-7.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

«Қазіргі детектив жанрындағы шығарма» әдеби байқауы жарияланды

Танымал

Ел аузында

Әдеби байқау!

Көрнекті қазақ жазушысы Кемел Тоқаевтың  туғанына 100 жыл толуына орай ҚР Ұлттық кітапханасы «Заң газетімен» бірлесіп, жастар арасында  «Қазіргі детектив жанрындағы шығарма» әдеби байқауын  жариялайды. Байқау детектив жанрында шығарма жазуға қабылетті республика жастары (жоғары сынып оқушылары мен студенттер) арасында  өткізіледі.

Байқауды өткізудің тәртібі және шарттары:

Қатысушылар келесі мәліметтерді: толық аты-жөнін (төлқұжатының көшірмесімен бірге), ұялы байланыс нөмірін, электронды поштасының мекен-жайын ұсынуға тиіс.

Байқауға жіберілетін шығармалар детектив жанрының табиғатына сай болуы керек.

Бір автор бірнеше шығармасын ұсына алады, оларды іріктеп алу ұйымдастырушылар құзырына кіреді.

Мәтінге қойылатын талаптар:

мәтін Microsoft Word нұсқасында терілуі тиіс,  қарпі – Times New Roman, кегль – 14, жоларалық интервал – 1, шет-шетінен – 2 см, көлемі –10 беттен аспауы тиіс.

Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп жіберілген және байқаудың талабына сай келмейтін, сондай-ақ «Антиплагиат» жүйесінде авторлыққа тексерістен өткізілмеген шығармалардың байқауға қатысуына жол берілмейді.

22 тамыз – 5 қыркүйек аралығында үміткерлер шығармаларын Қазылар алқасы іріктейді.

Байқау қорытындысы 2023 жылғы 8 қыркүйекте жазушы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған Халықаралық конференция аясында  жарияланады.

Байқауға ұсынылатын шығармалар электронды нұсқада 2023 жылдың 20 сәуірі мен 21 тамыз аралығында қазақ және орыс тілінде org.nbrk@mail.ru электрондық пошта бойынша қабылданады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...