Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20 C
Nur-Sultan
27 C
Almaty
31.3 C
Shymkent

Түркістан облысында арықтан оқушы қыздың мәйіті табылды

Танымал

Ел аузында

Қыз каналға құлап, өздігінен шыға алмай қалған.

Түркістан облысы Келес ауданында суға батып кеткен 12 жастағы қыздың денесі табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға Абай ауылында болған.

Құтқарушылардың айтуынша, 8 мамыр түскі сағат бестер шамасында оқушы қыз «Ошақты» каналына құлап, өздігінен шыға алмай қалған. Оқиға кезінде жасөспірімнің қасында болған құрбысы оның ойнап жүріп, абайсызда суға батып кеткенін айтқан. Қыз баланың мәйіті құлаған жерінен төмен қарай 5 шақырым жерден табылып, судан шығарылды.

Келес аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушылары да 4-сынып оқушысы «Ошақты» арнасының маңында жүріп, абайсызда суға түсіп кеткенін мәлімдеді.

Оны іздестіру мақсатында төтенше жағдайлар басқармасынан 2, 19 өрт сөндіру бөлімінен 4, полиция бөлімінен 8, жергілікті атқару органдардан 4 қызметкер және туыстардан 12 адам іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – Жастардан үлгілі іс

2025 жылдың 24 сәуір күні – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Қазақстан Адам ресурстары» жеке...