Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Қазақстандағы туристер ағыны 11%-ға өскені анықталды

Танымал

Ел аузында

Арзан рейстерді іздеу бойынша Aviasales.kz сайтының сарапшылары зерттеу жүргізіп, 2023 жылы Қазақстанға туристік ағынның өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қазіргі таңда 11%-ға артқанын анықтады. Қазақстан шетелдік туристер үшін одан әрі тартымды мекенге айнала түсті.

Өткен жылы Орталық Азияның көршілес елдері мен Ресей әуе билеттерін сатып алатын жетекші бағыттар қатарында болса, биыл Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Грузия елдерінің арасында Қазақстанға сапар бағыттарына сұраныс айтарлықтай артып отыр.

Қазақстанға ең көп бағыт алған елдердің тізімі:

  • Ресей
  • Түркия
  • Тайланд
  • Өзбекстан
  • БАӘ
  • Грузия

Aviasales.kz басшысы Юлия Исакина:

«Біз жазға қарай шетелден Қазақстанға саяхатқа сұраныстың айтарлықтай арта бастайтынын көріп отырмыз. Өткен жылмен салыстырғанда сұраныстың өскеніне қуаныштымын. Шетелдіктер келетін негізгі қала – Алматы. Көбінесе адамдар біздің елге көркем табиғат пен тауда серуендеуге келеді»

2023 жылы ең танымал бағыттар: Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент.

Ішкі туризмге деген қызығушылық та 6 %-ға артқан. Көбінесе қазақстандықтар ел ішінде саяхаттау үшін Алматы (35%) мен Астана қалаларын (30%) таңдайды. Одан кейінгі тізімде Шымкент (8%), Ақтау (5%), Ақтөбе (4%), Атырау (4%) қалалары бар. 2023 жылы ішкі бағыттарға ең арзан билет құны Астана – Павлодар бағытында 24 доллар болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...