Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

«Өмірге қауіп төнді». Маңғыстау облысының әкімі Ноғаев Қаңтар оқиғасы кезін еске алды

Танымал

Ел аузында

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қаңтар оқиғасын еске алып, қандай қиын сәттер болғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Өңір басшысы Қаңтар оқиғасы кезінде өміріне қауіп төнген тұстар болғанын мәлімдеді.

«Ондай сәттер болды. Көп адам жиналуы – мұның өзі қысым. Психикаға, моральдық қысым… Атқарушы органдарда қанша уақыт жұмыс істедім, тіпті бейбіт жиналыс алдында да, сөйлер алдында да бір жайсыздықты сезінемін. Сөйлесе аламын ба? Мені тыңдай ма? Қандай реакция болады? …Иә, әрине, қорқынышты болды. Өмірге тікелей қауіп төнді», – дейді ол.

Сондай-ақ, ол Ералы Тоғжановпен (сол кезде вице-премьер – еск.) әкімдікке бара жатқан кезде жиналған халық айқайлайтын видеоға қатысты пікір білдірді. Тіпті ел арасында өңір басшысын біреу ұруға тырысқаны айтылады.

«Ондай сәттер болды. Еске түсіргің келмейді. Бірақ шындықтан қаша алмаймыз. Болды. Менің ойымша, мұның бәрі сол оқиғалардың әсерінен, эмоциямен болды. Адамдар ашулы болды», – дейді шенеунік.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Қаңтар оқиғасына қатысқан 25 адамға үкім шыққаны хабарланған еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...