Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25 C
Nur-Sultan
30.8 C
Almaty
33.5 C
Shymkent

Маусымнан бастап халықтың белгілі бір санатына ай сайын қосымша төлем берілетіні рас па?

Танымал

Ел аузында

Жаңалықтар тарататын шетелдік агрегатор сайттарының бірі БЖЗҚ-ға сілтеме жасай отырып, 1 маусымнан бастап Қазақстанда халықтың белгілі бір (жеңілдікке ие) санатына қосымша ай сайынғы ақшалай төлемдер енгізілетіні туралы ақпарат жариялады. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, зейнет жасына толған адамдарға БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен бекітілген БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес белгіленген кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады. Сондай-ақ, мерзімсіз уақытқа бірінші және/немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толғанға дейін БЖЗҚ-дан кесте бойынша төлемдер алу мүмкіндігі көзделген.  

Бұл әдістеме БЖЗҚ-дан өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы мөлшерін жыл сайын зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5 пайыз мөлшерлемесіне ұлғайтуды көздейді. 

Қордағы жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) Жеке кабинетте немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында, сондай-ақ электрондық үкімет (www.egov.kz) сайтында бақылауға болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысында соңғы үш жылда медициналық ұйымдарды жабдықтау деңгейі 79%-дан 92%-ға дейін артты

Алматы облысында Президент тапсырмасы негізінде қабылданған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау бағытында жүйелі...