Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18 C
Nur-Sultan
21 C
Almaty
25.3 C
Shymkent

Шілде айында қазақстандықтар неше күн демалады?

Танымал

Ел аузында

Үкіметтің 2023 жылғы 25 сәуірдегі «Демалыс күнін ауыстыру туралы» қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес қазақстандықтар 6-9 шілде аралығында 4 күн демалады.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күнін 2023 жылғы 1 шілдедегі сенбіден 2023 жылғы 7 шілдеге яғни жұмаға ауыстырды.

Астана күні қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. Бұл ретте 1 шілде жұмыс күні болады.

Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 6, 7 және 9 шілдеге келеді.

Жалпы, шілде айында аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 11 күн, 6 күн жұмыс істейтіндер 7 күн демалады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысында жер сілкінісі сезілді

Алматы облысында бүгін сағат 9.12-де жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 194 шақырым жерде,...