Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Salta-Art» студиосымен бірлесіп 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты мәдени-танымдық іс-шарасын өткізді. Шараға көп балалы және аз қамтылған отбасылардан 50 бала шақырылды.
Мерекелік бағдарлама тәрбиелік бөліммен басталды. Онлайн «Сандық» ойыны арқылы жас өрендерге викториналық сұрақтар қойылып, жұмбақтар жасырылып, «Ертегілер мен мультфильмдердің кейіпкерлерін тап» сайысы өткізілді. Шара барысында балалар күмбірлеген күй тыңдап, ән әуенімен тербелді.
Балаларға Ұлттық дизайн академиясының академигі, Евразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, «Salta-Art» студиясының негізін қалаушы Салтанат Жапарова және №169 мектеп-лицейінің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Шолпан Төреханова шеберлік сабақтарын өткізді. Сондай-ақ, кішкентай қонақтарымыз музей кинотеатрында анимациялық фильмдерді тамашалады.
Шараны қолдағандар «Скиф Трейд» ЖШС және «Vita Bottlers Казахстан» ЖШС.
Орталық музейде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті
Танымал
Ел аузында
Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.
Сайт әкімшілігі