Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Таиландта теңізден құтқарылған қазақ жігіті көз жұмды

Танымал

Ел аузында

Жерлесіміз сүйіктісін құтқарамын деп суға батып кете жаздаған болатын.

Таиландтағы демалыс орындарының бірінде құтқарылған 24 жастағы қазақстандық Артур Ысқақов көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жерлесіміз сүйіктісін құтқарамын деп суға батып кете жаздаған болатын. Дегенмен оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Мұны оның әпкесі растады.

Енді Артур арамызда жоқ, – деп жазды ол.

Таиландтың Пхукет қаласында демалып жүрген қазақстандық туристер жағалауға шектеу белгісі қойылған аумақтан асып, биік толқындар алысқа алып кеткен. Оның комада жатқанын бұған дейін хабарлағанбыз.
Отандасымыз ескертуге және тыйым салынғанына қарамастан теңізге түсіп, көп су жұтып қойған.
Соңғы күндері Пхукетте қатты толқындар көтеріліп, жағалауға қызыл жалаулар шығарылған болатын.
Қазақстандық туристің денесін судан шығарғаннан кейін құтқарушылар оған жасанды тыныс жасап, дәрігерлерге тапсырды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Отан қорғаушылар күніне орай іс шара өткізілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №75 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған жаза өтеушілер арасында 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне...