Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

6 маусымға арналған ауа райы болжамы

Танымал

Ел аузында

Қазгидромет 6 маусымда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін болжады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада сейсенбіде көшпелі бұлт шығады, күндіз аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде 2-7, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 36-38 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 32-34 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 37-39 градус жылы.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-21, облыстың батысында, солтүстік-шығысында 12 градус жылы, күндіз 33-38 градус жылы, облыстың оңтүстік-батысында 40 градус жылы.

Күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, найзағайдың екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 16-21, облыстың таулы аймақтарында 6-11, күндіз 32-37 градус жылы, облыстың оңтүстік-шығысында 27 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Солтүстіктен жел соғады, солтүстік-батыстан 9-14, солтүстікте, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың солтүстік-батысында 12, күндіз 20-25, облыстың оңтүстік-шығысында 28 градус жылы.

Күндіз солтүстікте, Ақтөбе облысының батысында қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20 градус, облыстың оңтүстігінде 23 градус жылы, күндіз қатты ыстық 34-39 градус, облыстың солтүстік-батысында 30 градус жылы.

Күндіз солтүстікте, батыста, Қостанай облысының орталығында қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, күндіз батыста, облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың батысында 15, күндіз өте ыстық 34-39, облыстың батысында 31 градус жылы.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады 9-14, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-23 градус жылы, күндіз 34-39 градус қатты ыстық, облыстың солтүстік-батысында 31 градус жылы.

Күндіз Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстіктен 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-21 градус жылы, облыстың шығысында 12 градус жылы, күндіз 32-37 градус жылы, облыстың оңтүстігінде 40 градус жылы болады.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 20-25 градус жылы, күндіз 37-42 градус жылы. Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 39-41 градус жылы болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...