Түркістан облысының полицейлері заңсыз мал сою фактілерін анықтады

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Жергілікті полиция қызметінің полицейлері, ветеринариялық бақылау инспекторларымен бірлесіп, мал ұрлығының алдын алып, жолын кесуге, сондай-ақ мал сою цехтары қызметінің заңдылығын тексеруге бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында полицейлер, Сайрам ауданының аумағында тиісті рұқсатсыз және құжаттарсыз жұмыс жасаған мал сою фактілерін анықтады. Анықталған 5 жергілікті тұрғыннан 6 тоннадан астам ет пен 4 бас ірі қара мал тәркіленді.
Қазіргі уақытта ӘҚБтК-нің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша жиналған материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін Сайрам ауданы бойынша ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясына жіберілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Еліне қызмет етуді өмірлік ұстаным еткен азамат

«Жақсылық қылсаң халқыңа, бір қайырымын аларсың», – деп бабаларымыз айтқандай халқымыз ежелден елі үшін аянбай тер төккен дара перзенттерін...