Air Astana билет бағасын негізсіз өсіргені үшін 6,7 млрд теңге айыппұл төлейді

Танымал

Ел аузында

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Халықтың авиабилет бағасының үздіксіз өсімін қатты сынға алуы аясында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп, Air Astana қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тексеру қорытындысы бойынша Эйр Астана іс-әрекетінде авиатасымал нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкере болып, әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды.

8 маусымда Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік ауданаралық соты Эйр Астанаға 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін таңдайды. K Research Central Asia* тәуелсіз зерттеуінің дерегіне сәйкес, сервисті онлайн-кинотеатрларға жазылған...