Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-7.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Алматы облысының травматологтары шетелдік науқасқа ота жасады

Танымал

Ел аузында

Науқас Б., Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының қабылдау бөлмесіне оң қолы мен иығындағы ауырсыну шағымдарымен түсті. Бұрын жарысқа қатысу кезінде жарақат алғаны жайлы айтып өтті. АККА травматологтары науқасты тексеріп, рентгенге түсіріп, оң жақ иық сүйегінің төменгі үштен бір бөлігінің жабық қиғаш бұранда тәрізді сынуы диагнозын қойды.
«20 жастағы жас жігіт бізге оң жақ иық сүйегінің сынуымен келді. Армреслингтен жарысқа қатысып, жарақат алған екен. Жалпы, бұл спорт түрі қол жарақатына қауіпті болып есептеледі, адам шынтақ пен иық буындарына, байламдарға, білек пен иық сүйектеріне жүктемені шамадан тыс береді. Біз науқасқа ашық остеосинтезге блоктаушы пластинамен және бұрандалармен ота жасадық, отадан кейін науқас өзін жақсы сезініп отыр. Барлық ем шаралары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізілді», – дейді травматолог дәрігер Дәулет Тастанбеков.
Айта кетейік, остеосинтез – бұл сынықтарды хирургиялық емдеу әдісі, ол сынған сүйек фрагменттерін біріктіруден және толық синтез басталғанға дейін анатомиялық дұрыс қалыпта тұрақты бекітуден тұрады.
«Мен медициналық университеттің студентімін, Үндістаннан келдім. Жарақатты абайсыздықтан алдым. Мені осы ауруханаға уақытында әкеліп, дәрігерлер дереу көмек көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді», – дейді науқастың өзі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...