Алматы облысының тұрғыны жаңа туған баласын сатқан, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өткен аптада ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімшелері Қазақстанда «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген. Операцияның үш күнінде адам саудасына байланысты 47 қылмыс анықталған. Оның ішінде еңбекпен қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырудың үш фактісі, адам саудасының 10 фактісі, оның ішінде бесеуі – балаларға қатысты, жезөкшелікпен айналысуға тартудың жеті фактісі (оның үшеуі – кәмелетке толмағандарға қатысты), сондай-ақ тұншығу мен жеңгетайлықтың 27 фактісі.
«Алматы облысында жаңа туған сәбиді сату дерегі анықталды. 39 жастағы тұрғын жаңа туған сәбиін сатып жіберген. Оқиға 2021 жылы желтоқсанда болған. Әйел адам баласын ерлі-зайыптыға жарты миллион теңгеге сатқан», – дейді ІІМ өкілдері апталық брифингте.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда үш секс-притон әшкере болғаны хабарланған еді. Жыныстық қызмет көрсеткен жұмыскерлер мен жезөкшелер, сондай-ақ притон иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қарағанды облысы полиция қызметкерлерінің айтуынша, негізінен массаж салоны деп ашылған притонда ақылы интим қызмет көрсеткен.
22 қызметкер жезөкшелік қызмет көрсеткен. Олар – басқа облыстардың тумалары. Оларға үй-жайды жалға берген қыздар мен үй иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар сотқа жолданды.