Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

«Бір күнде 28 баланың тұсауын кескен» – Қарақат Әбілдина тұсаукесерге қанша ақша алады?

Танымал

Ел аузында

Егер ата-аналар мені өздері шақыратын болса, жол күрем мен қаламақымды төлеуіне тура келеді. Ал оны көптің қалтасы көтере бермеуі мүмкін.

Қарақат Әбілдинадай әнші болсын деген ниетпен талай отбасы қыздарына Қарақат деп ат қойдыҚарақаттың мектебіне баласын бергісі келетіндер де аз емес. Сөйте тұра оны сырттай тілдейтіндер де бар
 

Nege.kz  тілшісі Қарақат ӘБІЛДИНАҒА хабарласып, жұрт көкейіндегі сұрақтарды қойды.

 Жуырда бір күнде 28 бүлдіршіннің тұсауын кескен екенсіз. Көпшілігінің есімі Қарақат болар?

– Бұл жолы тұсау кестірген бүлдіршіндер арасында Қарақаттармен қатар Аяла, Айша атты қыздар көп болды. Негізі еліміздің түкпір-түкпірінен елу баланың ата-анасы өтініш білдірген екен, бірақ айналдырған төрт-бес сағаттық шарада мұнша баланың тұсауын кесу мүмкін емес. Сондықтан ұйымдастырушылардың ұйғарымымен 28 бүлдіршінмен тоқтадық.

– Сізді көрген жерде баласының тұсауын кестірмекке жүгіретін атан-аналар аз емес шығар?

– Негізі салт-дәстүрді арқау еткен бұл шара о баста халықтың сұрауымен басталған. Әйтпесе мен өздігімнен тұсау кесемін деп еш жерде жария жасаған емеспін. Өзіңіз айтып өткендей, көрген жерде қолқа салатындар көп. Ал мен үшін өмірге келген әр бала  бір-бір тұлға. Сондықтан ата-дәстүрді ұлықтай отырып, балалардың болашағы жарқын болсын деген ниетпен арнайы салтанат залында өткеруді жөн көрдім.

– Тұсау кесу ақысына бір балаға жүз мың теңге алатын көрінесіз. Осы рас па?

– Ол рас. Бірақ мен түскен қаражатты қалтама салып алмаймын. Барлығы дерлік бүлдіршіндердің қызық-қуанышына жұмсалады. Мәселен, шараны өткізу үшін арнайы мейрамхана жалдаймыз, фото-видеоға түсіретін мамандар мен әнші-бишілер шақырамыз. Дастархан жайып, табақ-табақ ет тартып, сахнаны безендіріп, соңында сый-сияпат таратамыз. Мұның бәрі қыруар қаражатқа кеп тіреледі. Қыл аяғы өрілген ала жіптің өзін сатып аламыз.

Әулеттің қуанышы болғандықтан тұсауы кесілетін әр бүлдіршіннің  ата-анасы үйдегі өзге бала-шағасымен қатар ата-әжесін де ертіп келіп жатады. Сондықтан  айтып өткен шығындардан бөлек, келген кісі басына да ақы төлеуімізге тура келеді.

Ұйымдастырушылардың да тегін жұмыс жасамайтыны белгілі. Бірақ осыны біле тұра кейбір жандардың «Қарақат тұсаукесерден табыс тауып жүр» дегені жаныма батты.

Мен салт-дәстүрді саудаға салатын өресіз емеспін. Мынадай қымбатшылық уақытта Қарақат келді екен деп, ешкім ештеңені тегін жасап бермесі анық қой. Егер ата-аналар мені өздері шақыратын болса, жол күрем мен қаламақымды төлеуіне тура келеді. Ал оны көптің қалтасы көтере бермеуі мүмкін.

Сондықтан, той иелеріне де жеңіл түссін әрі баланың қызық қуанышы әдемі ортада аталып өтсін деген ниетпен тұсауды әнімен, сәнімен кесуді жөн көрдім.  

Бұдан ешкім кемшілік көріп жатқан жоқ деп ойлаймын. Керісінше, жан-жақтан жиналған ата-аналардың дені отбасылық достарға айналып, арласып-құраласып кетіп жатады. Ата салттың астары да сол – алыс-жақынның басын қосып, берекеге ұйыту.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...