Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Шымкентте әскери қызметшінің өліміне қатысты жаңа дерек айтылды

Танымал

Ел аузында

Шымкентте әскери қызметші қашықтықты жаяу еңсеру бойынша жүгіру жаттығуларынан кейін көз жұмды. Дәрігерлер оқиғаның мән-жайын айтты, – деп хабарлайды otyrar.kz

15 маусымда 6506 әскери бөлімнің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес әскери қызметшілермен қашықтықты жаяу еңсеру бойынша жүгіру жаттығулары өткізілді. Іс-шара аяқталғаннан кейін 34 жастағы Б. есімді әскери қызметші өзін нашар сезінді, оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол Шымкенттің Бірінші қалалық клиникалық ауруханасына жеткізіліп, реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Келесі күні сағат 17:15 шамасында әскери қызметшінің қайтыс болғаны анықталды. 

«Ұзақ физикалық белсенділіктен кейін әскери қызметші өзін нашар сезінген, оған клиникалық өлім тіркелді, дәрігерлер оны реанимациялады. Аураханаға түскеннен кейін жансақтау бөліміне жатқызылды, келесі күні есін жимай қайтыс болды. Ол үшінші дәрежелі комаға түскен. Өлім себебі – ішкі ағза мүшелерінің істемей қалуы», – дейді Шымкенттегі №1 клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Қуаныш Лекеров.

6506 әскери бөлімінің өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

«Қазір тергеу жүріп жатыр, қызметтік тексеру тағайындалды. Денсаулыққа қатысты шағым болған-болмағанын қазір айта алмаймыз. Бұл қазір нақтыланып жатыр. Марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамыз», – дейді 6506 әскери бөлімі командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ернар Әшірбеков.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте сарбаз жүгіру жаттығуынан кейін көз жұмғанын хабарлаған едік. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...