Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Роза Рымбаева мен Айман Мұсаходжаеваның мемлекеттік мәдени шаралардағы қаламақысы қанша

Танымал

Ел аузында

Осы құжатқа қосымша берілген салыстырмалы кестеде елге танымал әншілердің бюджет есебінен өтетін шараларда өнер көрсеткені үшін қанша қаламақы алатыны айтылған.

Мәдениет және спорт министрлігінің кезекті бұйрық жобасының біріне қосымша берілген құжатта елге танымал әншілердің қанша қаламақы алып жүргені туралы мәлімет ұсынылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжаттың толық атауы – «Қазақстан Республикасы мен шет елдерде өткізіліп, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды қаржыландыру ережесі мен қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 16-ақпандағы №51 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі бұйрығының жобасы.

Осы құжатқа қосымша берілген салыстырмалы кестеде елге танымал әншілердің бюджет есебінен өтетін шараларда өнер көрсеткені үшін қанша қаламақы алатыны айтылған.

«Мысалы, форматына қарай осы санатқа Қазақстан Еңбек Ері, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі атақтары бар бірнеше өнер иесін бір мезгілде қосуға болады (мысалы: Әлібек Дінішев 5 000 000, Роза Рымбаева 5 000 000 теңге, Айман Мұсаходжаева 5 000 000 теңге, Нұржамал Үсенбаева 2 000 000 теңге, тағы басқалар).

Өткізілген іс-шараларды талдай келе, осы санаттағы әртістердің қатысуын қамтамасыз ету қызметтері үшін нақты көрсетілген қызметтердің құны жоба бюджетінің 25% және одан да көп болуы мүмкін, бұл пайыздық қатынастан асып түседі.

Осылайша, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы тармақты стандарт бойынша жалпы соманың 10%-ға дейін орындау мүмкін емес, осыған байланысты, осы стандартты жобаның жалпы сомасының 25%-ына дейін арттыруды сұраймыз», – делінген құжатта.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...