Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Елімізде ереже бұзған самокат жүргізушісі қалай жазаланады?

Танымал

Ел аузында

Бұл ретте самокат жүргізушісі 18 жасқа толған болуы керек, ол шлем және шағылыстыратын киім киюуі керек, сондай-ақ кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев шлем, жүргізуші куәлігі және шағылыстыратын киімінсіз самокат тебетіндер қалай жазаланатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін сенаторлар самокат туралы заң жобасын мақұлдады, оған сәйкес электрсамокат жүріс бөлігінің оң жақ шеткі жолағымен, соның ішінде бір қатардағы автобус жолағымен жүруіне рұқсат етіледі. Бұл ретте самокат жүргізушісі 18 жасқа толған болуы керек, ол шлем және шағылыстыратын киім киюуі керек, сондай-ақ кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс.

Сенат кулуарында журналистер самокат жүргізушісі ережелердің бірін бұзса, қандай жаза күтіп тұрғанын сұрады.

«Енді электрсамокат жүргізушілері екі бап бойынша: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін айыппұл, бұл – 620-бап, оған барлық басқа құқық бұзушылықтарда кіреді, 5 АЕК айыппұл», – деді Қайсар Сұлтанбаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...