Болат Назарбаев көлік базарынан айырылды: апелляция сот шешімін күшінде қалдырды

Танымал

Ел аузында

Апелляциялық инстанция «Барыс» автобазары орналасқан жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы сот шешімін күшінде қалдырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сотына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі мәліметінше, азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот шешімін заңды және негізді болғандықтан өзгеріссіз қалдырды.

Әңгіме Болат Назарбаевқа тиесілі «Барыс» автобазары орналасқан 37,6 гектар жер туралы болып отыр. 2004-2019 жылдар аралығында Қарасай ауданы мен Қаскелең қалаларының әкімдіктері, сондай-ақ ауданның жер қатынастары бөлімі мемлекеттік жерлерді жекенің қолына бергені айтылды. Жер телімдерін сату-сатып алу бойынша барлығы жеті келісім-шарт жасалғаны айтылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...