Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Шонжыдағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, екі әйел қаза тапты

Танымал

Ел аузында

Шонжыдағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, екі әйел қаза тапты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 22 маусымда Ақсай-Шонжы-Қалжат тасжолында болған. 32 жастағы әйел Lexus көлігінің рөлін басқара алмаған.

«Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде қайтыс болды. Тағы бір 25 жастағы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Шонжы ауылының ауруханасына жатқызылды», – делінген Алматы облысының полициясы хабарламасында.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша Ұйғыр ауданының полиция бөлімінде тіркелген.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан шетелдіктер қаза тапқаны хабарланған еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Созақ ауданында «Учаске» профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

2025 жылғы 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында Созақ ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету...