Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Ердоған түркітілдес елдерді тәуелсіз БАҚ құруға шақырды

Танымал

Ел аузында

Ердоған түркітілдес елдерді тәуелсіз БАҚ құруға шақырды.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қарабақтағы қақтығысты батыс БАҚ-тарының қалай жариялағанын сынға алды.

«Қарабақ соғысы кезінде біз куә болған ақпараттық саладағы қосарланған стандарттар біздің елдеріміз үшін жалған ақпарат пен өтірікке қарсы күрес тақырыбының маңыздылығын растады», – деді Ердоған.

Ол түркітілдес елдер стратегиялық салалардағы, соның ішінде БАҚ саласындағы қатерлерді өз бетінше жоюы тиіс екенін айтты.

2009 жылғы қазанда құрылған Түркі кеңесі қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым, оның басты мақсаты  – түркі мемлекеттері арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту. Оның құрамына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді, Венгрия бақылаушы ретінде қатысады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...