Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларды COVID-19 қарсы міндетті вакцинациялау туралы бұйрыққа қол қойғаны туралы хабарлама таратылуда.
stopfake.kz сайты мұны жалған ақпарат екенін жариялады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 12 жастан асқан барлық балаларды COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға міндеттейтін бұйрық туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның ресми өкілі мұндай бұйрық жоқ екенін мәлімдеді.
– Қазіргі уақытта вакцинаның қажетті көлемін есептеу, суық тізбекті қамтамасыз ету жүргізілді (Pfizer вакцинасы үшін ультра төмен температуралық режимді сақтау қажет -минус 60 -90 градус Цельсий). Жасөспірімдерді егуге арналған вакцинаны алудың болжалды уақыты – биыл қарашаның екінші онкүндігінде. Аталған топтарға жататын тұлғаларды вакцинациялау олардың ақпараттандырылған ерікті келісімінен кейін, жасөспірімдерді – тек ата-аналардың немесе ресми өкілдердің келісімі бойынша ғана жүзеге асырылатынын атап өткеніміз жөн, – деп хабарлады Ержан Байтанаев.
Айта кетейік, Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов халықты коронавирустық инфекцияға қарсы Pfizer вакцинасымен егу бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіткен болатын. Бірінші кезеңде препарат 16-37 апта мерзіміндегі жүкті әйелдерге және 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге егіледі.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.