Түркістан облысында басқарма басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында басқарма басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Ол мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және цифрландыру қызметтерін көрсетуге, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқаны үшін 10 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Шарттың жалпы сомасы 280 миллион теңге», – делінген хабарламада.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15 жүлдегер марапатталады. Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармалар байқауы биыл...