Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша үнпарақтар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Танымал

Ел аузында

Түлкібастық полицейлер шалғай ауылдарға барып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске отбасылық тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтетін өзгертулер енгізілгені жөнінде тұрғындарымен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Яғни Түлкібас аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Гүлбану Құрманғазықызы және әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметінің мамандары бірлесіп, қыз-келіншектерді қабылдады.
Шара барысында полицейлер отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпарат көрсетілген жаднамаларды таратып, осы бағыттағы сұрақтармен жүгінген әйелдерге құқықтық кеңес берді. Сондай-ақ полиция инспекторларымен отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдар мен тұрмысы нашар отбасылар тексерілді.
Жалпы жыл басынан бері Түлкібас аууданында әйелдерге қатысты 115 қорғау нұсқамасы шығарылып, 9 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамасын бұзу жайттары анықталып, ерекше талап тізімдік есебіне алынған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...