СҚО-да шошқа фермасында төрт жұмысшы уланып мерт болған

Танымал

Ел аузында

СҚО-да Тайынша ауданындағы EMS AGRO компаниясының шошқа өсіретін кешенінде төтенше жағдай болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауысым аяқталғаннан кейін ЖШС-нің төрт жұмысшысы Тайынша ауданы Новоивановка ауылдағы мал бордақылау алаңынан шықпаған. 8 метр тереңдіктегі кәріз қоймасын тазалау кезінде төртеуі де қаза тапқаны анықталды.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров, оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, полиция бөлімінің бастығы Қабдулдинов А.Т., Тайынша ауданының прокуроры Әубәкіров Ғ.С., Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Омаров М.Қ. оқиға орнында екені айтылды.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылған. Себептері анықталып жатыр. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...