Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан 16 калибрлі тіркелмеген қару тәркіледі

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жетісай ауданының аумағында заңсыз қару сақтау фактісін анықтады.
Нақтырақ айтсақ, полицейлер «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, тұрғындардың бірінің үйінен тіркелмеген 16 калибрлі аңшылық мылтықты тапты. Тәртіп сақшылары заңсыз сақталған атыс қаруын тәркіледі.
Бұл факт Жетісай аудандық полиция бөліміне тіркеліп, бүгінде барлық қажетті іс-шаралар атқарылуда. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Естерте кетсек, Түркістан облысы аумағында «Қару» іс-шарасының 4 тәулігінде тәртіп сақшылары заңсыз сақталған, тіркелмеген 20 қару тәркіледі.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері атыс қаруын заңсыз сақтауға және қолдануға байланысты қылмыстардың жолын кесуді анықтауға бағытталған мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетінін жеткізеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда студенттерге арналған заманауи жатақханалар саны артады

Алматы қаласындағы студенттік жатақханаларды салу жөніндегі жобалық кеңсе инвесторларды жаңа құрылыс пен қайта жаңғырту жобаларына қатысуға шақырады. Жоба мемлекеттік...